Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда Шарбақты ауданының әкімі 100 балаға ұялы телефон сыйға тартты

Павлодар облысы Шарбақты ауданының әкімі Балғабай Ыбыраев жаңа жылдық шыршаға қатысқан 100 балаға ұялы телефон мен тәттілер сыйға тартты.

20160101175913

Бұл туралы  pavlodarnews.kz хабарлайды.

Облыстық білім беру басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйсенсек, мерекелік кешке ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, тұрмысы төмен  және көп балалы отбасылардан шыққан балалар қатысқан.

«Концерттік бағдарламаның алғашқы бөлімінде 300 баланың қатысуымен «Жаңа жылдық вояж немесе күтпеген саяхат» тақырыбында театрлық қойылым өткізілді. Бұдан кейін Щарбақты ауданының әкімі Балғабай Ыбыраев балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жолдады», – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, дәстүр бойынша Шарбақты ауданы әкімінің атынан Ресей Федерациясының Алтай өлкесінде қазақ тілінде білім алатын Керей және Байғамыт мектептерінің оқушыларына 60 сыйлық жіберілді.

 

Талқылау