Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда 8-қабаттан секірген ер адамға қатысты оқиғаның мән-жайы анықталды

Павлодар қаласында көпқабатты тұрғын үйдің сегізінші қабатынан секіріп кеткен ер адамның Екібастұз қаласының 25 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ал пəтер ішінен табылған 50 жастағы əйел əзірге тілге келмей жатыр.

img-20140219134433-386

Сурет progorodsamara.ru сайтынан алынды

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Дене жарақаттарымен жедел ауруханаға жеткізілген азаматшаның өзіне-өзі қол салған жігітпен қандай байланыста болғаны белгісіз. Есінен танып қалған азаматша тәртіп сақшыларына еш түсініктеме бере алмады. Әзірге олардың бір бөлмелі пәтерді жалдап тұрғаны ғана белгілі.

“Аталмыш фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзіне-өзі қол жұмсауға итермелеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде”, – деді Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің маманы Сәуле Мусинова.

Талқылау