Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда сауда орталығына келген ер адам өзін-өзі өртемек болды

Павлодарда ер адам өзін өртеп жібермек болды. Оның мұндай қадамға не себепті барғаны анықталды.

Павлодарда сауда орталығына келген ер адам өзін-өзі өртемек болды

Оқиға орнына ТЖД жедел құтқару жасағы келіп жетті, деп жазады pavlodarnews.kz.

Сауда орталығында өзін өртемек болған ер адам 58 жаста. Ол қолына бензин мен оттықты ұстап тұрып сауда орталығы иесінен автомобиль, пәтер және ақша талап етті. Осының бәрін 30 қыркүйекке дейін жеткізуді тапсырды.

Айтуынша, сауда орталығы маңындағы үйі үшін аз ақша алған. Ол бір апта бұрын кәсіпкер мен оның жақындарына хабарласып қорқытқан. Одан еш нәтиже шықпаған соң өзін өртемек болды.

“Сауда орталығының иесі ер адамның талаптарын орындайтынын айтты. Ер адам ашуын басып, бензин мен оттықты үстелге қойды. Осыдан соң полицияға өзі берілді”, – дейді . Павлодар облысы ТЖД жедел құтқару жасағының психолог-құтқарушысы Лариса Тюкалова

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау