Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Соққыға жығылған Павлодар тұрғыны сал болып, ешкімге керексіз болып қалды

Николай Тучковты көпқабатты үйдің поъезіне әпкесі тастап кеткен. Ер адам өзгелердің есігін қағып, көмек сұраған.

Николайға әпкесі емес, бөтен адамдар мейірімділік танытып, көмек қолын созған, деп хабарлайды 31 арна.

Николай Тучков көз жасын көл қылды. Ол екі аптадан бері өзге жерде тұрып жатыр. Людмила Перевалова есімді әйел науқас ер адамды 19 наурыз күні есігінің алдынан тапқан.

«Милиция келді, есікті ашсақ, Тучков жатыр. Ол қызымен келіп, шай ішіп кеткен болатын. Одан кейін көрген емеспін», – дейді Людмила Перевалова.

Ер адамды бірнеше ай бұрын ұрып-соғып кеткен. Оның оң жақ денесі сал болып, туыстары қараудан бас тартыпты. Туған қызы да бас тартқан. Людмила Перевалова да оған қарай алмайтынын айтады. Оның 2 бөлмелі үйінде 8 адам тұрады екен. Қайырымдылық үйінің қызметкерлері көмекке келген. Николай зейнеткер де емес, жалғызбасты мүгедекке де жатпайды. Оған қарамастан қайырымдылық үйі оны панасына алды.

«Қаңтарда инсульт алған. Екі апта емдеп, мүгедектігі туралы құжат дайындап береміз», – дейді қайырымдылық үйінің басшысы Қанат Дүйсенахметов.

Николай мұнда жарты жыл бола алады. Одан кейінгі тағдыры қалай болары беймәлім. Таныстары келіп, хәлін сұрайтынын айтады.

Ал, әпкесіне қорғансыз күйдегі інісін далада тастап кеткені үшін 200 мың теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Тағы да оқыңыз:

Талдықорған тұрғыны жеке куәлігімді ХҚКО қызметкері өзгеге беріп жіберген деп айыптап отыр

7 жасар баланың ісі: “Қорқытты” деп айыпталып жатқан Селтановтар жәбірленушілердің сөзін жоққа шығарды

Көкшетауда қоластындағы 55 жастағы қызметкерін тырнап алған 38 жастағы басшыға айыппұл салынды

Талқылау