Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда полицейлер жоғалып кеткен қызды қаңғыбастарға арналған мекемеде қамап тастаған

Павлодар тұрғыны Тамара Швагерустың 30 жастағы мүгедек қызы жоғалып кетіп, әрең тапқан. Сөйтсе оны тәртіп сақшылары бейімдеу орталығына 3 тәулікке қамап тастаған. Қызын қаңғыбастарға арналған мекемеден тапқан анасы оның еден жуғанын естіп, әбден шошыпты. Ал полицейлердің сөзінше, адасып кеткен қызды арнайы мекемеге жеткізуден басқа амал таппапты, деп хабарлайды КТК арнасы.

Павлодарда полицейлер жоғалып кеткен қызды қаңғыбастарға арналған мекемеде қамап тастаған

Тамара Швагерус жоғалған қызын ұзақ іздеп, жанын қоярға жер таппағанын айтады. Сөйтсе, ақыл-ойында кемістігі бар Евгенияны тәртіп сақшылары көшеден ұстап алып, тұрақты мекенжайы жоқ адамдарға арналған мекемеге қамап тастапты. Қызын әрең тапқан әйелдің мұндайға жол берген полицейлерге өкпесі қара қазандай.

«Көшеден ұстап әкетіп, еш себепсіз үш күн қамауда ұстаған. Барсам қызым сонда отыр. Ақша беріп, дүкенге жіберген едім. Аулада жүрген балада не шатақтары бар?Не бүлдірді, неге қамауға алдыңдар деп сұрасам, ешкім жауап бермейді.Бұл не деген бассыздық?», – дейді Павлодар қаласының тұрғыны Тамара Швагерус.

Осылай деген әйел қызының мұндай оқиғаға бұған дейін де ұшырағанын айтады. Аулада серуендеп жүрген Евгенияны көктемде полицейлер түк айтпастан салып әкетіпті. Көп ұзамай үйге оралған қыз мұны анасына баяндап берген. Ал соңғы рет қамалғанында тәртіп сақшылары оған мекеме ішінде еден жудыртқан дейді.

«Олар мекеме ішінде еден мен ыдыс-аяқ жудыртып, мені мазақ қылды. Үйге жіберіңдерші деп айттым. Бірақ, бұған мән берген ешкім жоқ», – дейді бала кезінен мүгедек Евгения Швагерус.

Полицейлер болса, өздеріне шаң жуытар емес. Көшеде еш құжатсыз жүрген қызды адасып жүргендіктен алып кетуге мәжбүр болдық дейді.

«Азаматша көшеде қаңғыбастармен бірге жүрген. Полицейлерге жеке куәлігімді жоғалтып алдым, тұратын жерім жоқ деген.Тиісті тексеруден өтіп, жеке басын анықтаған соң, оны босатып жібердік. Екі күн тұрақты мекенжайы жоқ адамдарға арналған мекемеде болды.

30 жастағы Евгенияның өзі бала кезінен микроцефалия дертіне шалдыққан екен. Екінші топтағы мүгедек қыз өзіне еден жудыртқан полицейлердің есімдерін ғана білемін деп отыр», – дейді тұрақты мекен-жайы, құжаттары жоқ адамдарды қабылдау-орналастыру орнының басшысы Аман Әбілбейісов.

Сандалған әйел қызы қайта жоғалып кеткен жағдайда қайдан іздейтінін біледі. Бірақ, полицейдердің енді оны қаңғыбастармен шатастырмауын сұрап отыр. Ал кезекті рет қамауға алатын болса, тәртіп сақшыларының үстінен прокуратураға шағым түсірмекші.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау