Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда полицейлер көлік жүргізушісін жүк салғышқа тиеді (видео)

Павлодарлық полицейлер көлік жүргізушісін өз көлігінің жүк салғышына салмақшы болып итермелеген. Бейнежазбаны кездейсоқ куәгер интернетке жариялаған.

eaeca687273f011d606881f0e7c2d173

Бейнежазба 15-ші наурызда жарияланды. Желі қолданушылары оқиғаға байланысты түрлі пікір айтып, күлкіге айналдырып жатты. Ал Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі видеоға қатысты түсініктеме берді.

Олардың сөзінше бейнежазба өткен жылдың қыркүйек айында түсірілген. Күдікті болып көрінген көлікті кезекшілік жасап жүрген полиция қызметкерлері тоқтатуға тырысады. Алайда жүргізуші олардың ескертпесіне пысқырып қарамай, жандарынан қатты жылдамдықпен өте шығады. Жол сақшылары дереу ізге түсіп, жүргізушіні Ертіс өзені жағасындағы көпір жанында ұстайды.

Жас балалар отырған көлік салонынан спирттік ішімдіктердің иісі де мүңк ете қалады. Осы сәтте араларындағы бір жігіт жолдың қарсы жолағына өтіп кетіп, қарсы келе жатқан көліктерге қарсы тұра қалады.

“Әп-сәтте әлгі жігіттің өмірін сақтап қалу үшін, тәртіп сақшылары оны қауіпсіз жерге қарай сүйрелейді. Сөйтіп, жақын маңда тұрған ВАЗ автокөлігінің жүк салғышына салмақшы болған. Ұстаған көлікте өзге ішімдік ішкен жастар отырғандықтан, олар мұны қауіпсіз деп тапқан жүксалғышқа отырғызады”, – делінген хабарламада.

Жүк салғышқа салынған көлік жүргізушісінің бәрібір сотта өз тәртібі үшін жауап беруіне тура келеді. Оның көлігі әлі күнге дейін айып тұрағында тұр.

Талқылау