Павлодарда полицей көлігімен жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
Павлодарда учаскелік полиция қызметкері жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан ер адамды қағып кетті. 58 жастағы азамат тілге келместен сол жерде жан тапсырды, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.
Оқиға таңғы жетілер шамасында қаланың орталығында болған. Жаяу жүргіншіні қаққаны жөнінде полицияға «Nissan Primeraны» тізгіндеген 24 жастағы тәртіп сақшысының өзі хабарлапты. Жол апатына қатысты тергеу басталып, күдікті әзірге үш тәулікке қамауға алынды. Оның алкогольді сусын ішкен-ішпегенін арнайы сараптама анықтайды.
“Рөлде болған полиция қызметкері оқиға орнынан ешқайда кетпей, жедел жәрдем шақырған. Ол Ішкі істер органдарында бес жыл шамасында жұмыс істейді. Санкция – бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін”, – дейді Павлодар облыстық ІІД баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Жанар Әбілқайырова.
Талқылау