Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда пәтерден ыстықтап, шатырға қонған жастар күлкіге қалды

Павлодарда 1 Мамыр көшесіндегі сауда үйінің төбесінде қонған үш бозбала ұсталды.

13480278_677289312430448_1215090298_n копия.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c422331

Сурет: © Айгерім Жанкашова

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Шатырдың үстінде ер адамның жатқаны туралы хабарлама ІІБ операторының “102” пультіне келіп түскен.

Облыстық ІІД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, ауылдық аймақтан жұмыспен келген жастар досының үйінде қонған. Алайда екінші қабаттағы пәтердің іші қапырық болған соң, олар балкон арқылы сауда үйінің төбесіне шыққан.

Полиция бөлімшесіне жеткізілген жігіттермен алдын алу шаралары бойынша әңгіме ұйымдастырылды. Ал, олардың бұл қылығы үшін ата-аналарына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 442-бабы, 2-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылады.

Талқылау