Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда өз қызын зорлаған әке 20 жылға сотталды

Екі жыл бойы кәмілеттік жасқа толмаған өз қызын екі жыл бойы зорлап келген деп айыпталған ер адам 20 жылға сотталды. Бұл туралы Павлодар облыстық соты хабарлады.

ped_76

Сурет novosti-saratova.ru

“Мамандандырылған ауданаралық сот шешімімен ҚР ҚК 120 бабы 4 бөлімі және 121 бабы 4 бөлімі бойынша облыс орталығының тұрғыны 20 жылға бас бостандығынан айырылды”, – деп хабарлады сот өкілдігі.

42 жастағы ер адамға 2014 жылдың қаңтар айы мен 2015 жылдың қазаны аралығында 2002 жылы туылған өз қызына жыныстық зорлық жасап келген. Енді ол жазасын 20 жыл қатаң режимдегі колонияда өтемек. Сондай-ақ, ол өмір бойы бала тәрбиесіне қатысты шаралармен айналысу құқығынан шеттетілді.

Талқылау