Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда оннан астам адам интернет-алаяқтықтан зардап шеккен

Онлайн сауда-саттықпен айналысқан Павлодар тұрғындары интернет-алаяқтықтың құрбанына айналған. Бұл туралы полицияға 13 адам шағымданған.

8240392

Сурет РИА Новости сайтынан алынды

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Павлодар қаласының 13 тұрғыны полицияға интернет-алаяқтықтың құрбанына айналғанын айтып шағым еткен. Бұл туралы Павлодар қалалық прокуратурасының бөлім басшысы Асқар Шоман хабарлады.

Оның мәліметінше интернеттегі жалған дүкендер телефон, жиһаз, киім секілді барлық тауарды ыңғайлы бағамен сататынын жариялап келген. Бірақ, алдын-ала төлем сұрайтын болған. Нәтижесінде, клиенттер ақшасыз әрі тауарсыз қалған.

“Былтыр интернет-алаяқтықтың кесірінен 11 адам, биыл 2 адам зардап шеккен. Шын мәнінде ондай адамдар көп болуы мүмкін, бірақ бәрі бірдей полицияға арыз түсіре бермейді. Шығын қазірдің өзінде жарты миллион теңгені құраған”, – дейді Шоман.

Ал бір әйел тіпті басқаша түрде зардап шеккен. Белгісіз біреулер оның атынан “ВКонтакте” желісінен парақша ашып, әйелдер киімін, тондарды, сәндік бұйымдарды төмен бағамен жарнамалаған. Ол бұл туралы тәртіп сақшыларынан естіген. Алайда, екі студент бүкіл шәкіртақысына іш киімдер сатып алмақшы болған. Тапсырысты ала алмай, олар полицияға хабарласқан.

Полиция әлі де ешқандай істі ашпаған. Әзір іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Талқылау