Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда омарта тиеп алған жүк көлігі аударылып, аралар жұртқа тап берді

Жылдамдықты асырамын деп араға таланды, деп хабарлайды КТК.

3b9e9e33eff275d40d6f0134704

Аралар құжынап жүрген айырықша жол апатының видеосын куәгерлердің бірі жариялап жіберіпті. Жәндіктер жүргізушіні талап тастаған. Одан қалды, әрлі-берлі өткен көліктерге де тап берген. Ара шағып алады деп қорықса керек, оқиға орнына жеткен жол полицейлері формасын шешіп, орнына омарташылардың киімін киіп алыпты. Тіпті аударылған көлікті айыппұл тұрағына алып кетуге келген құтқарушылар да азар да безер боп қашып жүр. Мұны көріп күлкіге қарық болған өзге жүргізушілер «жол ережесін бұзғанның жазасы осы» деп әзілдеп жатты.

Тағы да оқыңыз:

Оралда адамдарды гипноздап тастайтын ұры ұсталды

Құрбан шалуға қатысты сұрақтар: Бір отбасыға бір құрбандық жете ме?

Шымкентте құлдықта болған бойжеткен құтқарылды

Талқылау