Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда өгей қызын зорлаған ер адамға қатысты сот шешімі шықты

Павлодар облыстық қылмыстық істерді қарайтын аудан аралық мамандандырылған сот бірнеше мәрте өгей қызына зорлық әрекеттер жасаған ер адамды 11 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

muzyika_1281x1072

Фото: 15minut.org

1974 жылы туған ер адам өз үйінде былтырғы жылы және биыл қаңтар айында 2000 жылы туған өгей қызын бірнеше рет зорлаған.

Енді сот үкіміне орай, айыпты жазасын 11 жыл бойы қатаң режимдегі колонияда өтейтін болды. Ол сондай-ақ, балаларды тәрбиелеу саласында жұмыс атқарудан өмір бойына шеттетілген.

Талқылау