Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда облыс прокурорының орынбасары декреттік демалыс алды

Павлодарда облыс прокурорының орынбасары декреттік демалыс алды. 49 жастағы Қуат Артықбаев алдағы үш жылын бала күтіміне арнамақ екен, деп хабарлайды КТК арнасы.

Жоғары лауазымына қарамастан прокурор отбасына көңіл бөліп, жақында туған сәбиіне өзі бас-көз болуды жөн санаған. Сөйтіп, қазанның 1-інен бастап жұбайының орнына өз еркімен декреттік демалысқа кетіпті. Оның облыстық прокуратурада 24 жылдан бері қызмет етіп келе жатқанын айта кетейік. Ал осы өңір прокурорының орынбасары лауазымына бес жыл бұрын тағайындалған. Декреттік демалысқа шыққан Артықбаев ендігі үш жылын бала күтіміне арнамақ.

Жіберіп алмаңыз:

Ердоған: астаналық келіссөздер бүкіл өңірге оң ықпалын тигізді

Атамбаев: Назарбаев мені ешқашан кешірмейтінін білдім

Нығматулин министрлерге: Бас шұлғуға шеберсіздер, бірақ жұмысты сылбыр істейсіздер

Нығматулин қаржы министріне: Қарызды бергеннен кейін, уақытында қайтара білу керек

Талқылау