Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда Ниццада қаза тапқан отбасымен қоштасу рәсімі өтті

Павлодарда жұма, 22 шілде күні Ниццадағы теракт кезінде қаза тапқан қазақстандық отбасымен қоштасу рәсімі өтті.

12617427

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Любовь Панченко (1956 жылы туған), оның қызы Марина Панченко (1983 жылы туған) және немересі Сильвия Панченко (2013 жылы туған) 14 шілде күні Ниццадағы теракт кезінде көз жұмған еді.

Марқұмдармен қоштасу рәсімі Павлодардағы Благовещенск кафедралды соборында өткізілді. Олармен қоштасуға ондаған қала тұрғындары мен қала басшылығы келді.

“Бұл Павлодар облысы мен қазақстандықтардың қабырғасын қайыстыратын жағдай. Біз адам үшін отбасының қандай маңызға ие екенін жақсы түсінеміз. Енді қасында жақындарыңның жоқ екендігін ойлаудың өзі ауыр”, – деді Павлодар әкімі Болат Бақауов.

Шараға Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Франсис Етьен де қатысты.

“Біз Павлодар мен қайтыс болғандардың отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Бүгінгі менің міндетім – Павлодарда француз халқы мен француз үкіметі атынан қатысып көңіл айту. Бүгін біз қаза тапқан отбасының жақындарымен біргеміз”, – деді елші.

Талқылау