Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда науқастың өліміне кінәлі дәрігер 3 жылға бас бостандығынан айырылды

Науқас туберкулезге қарсы ем алған соң 5 күннен кейін жаңа жылдық мерекеге орай үйіне жіберілген. Әпкесінің айтуынша, дәрігерлер оған жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілер берген. Әпкесі науқастың жағдайын айтып дәрігерге хабарласқанда, ол жедел- жәрдем шақыртпауын айтқан.

6_main

Бұл туралы STAN.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодар облысы, Ақсу қаласындағы туберкулезбен емдейтін аурухананың дәрігері Елена Ли 3 жылға бас бостандығынан айырылып, 2 жыл дәрігерлік қызмет атқарудан шектетілді.

Дәрігерге қатысты қылмыстық іс “Адам өлімі болатынын біле отырып, өз ісіне немқұрайлы қарау” бабы бойынша Павлодар тұрғынының өліміне қатысты жүргізілді.

Кәсібіне немқұрайлы қарау салдарынан емделуші қаза тапты. Аталған іске дәрігер Лиді кінәлі деп тауып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды және 2 жыл денсаулық сақтау орындарында қызмет етуден шектеді. Заң күшіне енді.

Еске сала кетейік, тамыз айында Павлодар облысының Екібастұз қаласында 22 жастағы дәрігер Антон Шабловский бір адамның өмірін құтқарып, бөлімшенің терезесінен секіріп кеткелі тұрған науқасты аман алып қалған болатын.

Талқылау