Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда моншада танысын соққыға жыққан аудан әкімінің орынбасарына қатысты сот үкімі шықты

Павлодар ауданы әкімінің орынбасары моншада танысын соққыға жыққан. Ендігі ол аталған әрекеті үшін айыппұл төлейді.

Бұл туралы Павлодар аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

Сот ведомствосының мәліметі бойынша, Павлодар облысы Павлодар ауданы әкімінің орынбасары 34 жастағы Нұрлан Садыбеков дене жарақатын салғаны үшін он бес АЕК көлемінде айыпұл төлеуге міндеттеледі.

2016 жылы 14 желтоқсанда әкім орынбасары мен танысы Мичурино ауылында «Энергетик» демалыс үйінің саунасында Ауыл шаруашылығы жұмысшысының күнін атап өткен. Кешкі ас барысында екеуі сөзге келісе алмай, Садыбеков танысын, балағаттап, кеудесінен итеріп жібереді. Мұнан кейін бетінен бірнеше рет ұрған. Танысы жылдам киініп, тайып тұрмақ болыпты. Алайда әкім орынбасары жәбірленушінің соңынан қуып барып, ұрып-соғады. Соққы салдарынан ер адамның денсаулығына жеңіл-желпі зиян келген екен.

Әкім орынбасары жасаған ісін теріске шығарғанымен, сот оған сенбеді. Сот шешімі бойынша әкім орынбасарына жаза ретінде 34 мың 035 теңге төлеуге міндеттеді.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде 7 жасар бала әлемдік рекорд орнатуға дайындалып жатыр (фото, видео)

Қыстауда бірнеше ер адам жабылып зорлаған әйелдің ісін прокуратура бақылауына алды

Серік Ибрагимов, Денис Тен мен Динара Сәдуақасова “Дарын” сыйлығын иеленді

Қостанайда түрмеден қашқан қылмыскер ұсталып қалды

Талқылау