Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда маскүнем әйел қос ұлын көшедегі бейтаныс адамға қалдырып кеткен

Павлодарда балаларын жоғалтқан әйел полицейлерді аяғынан тік тұрғызды. Тоғжан Шақұтова қос ұлын өзі таппаған соң, 102-ге хабарласқан. 9 және 11 жастағы жеткіншектерді түнімен іздеген тәртіп сақшылары ақыры олардың бейтаныс адамдардың үйінен тапты. Сөйтсе, ішкілікке салынған шешесі оларды көшеде кездескен біреуге ұстатып, жөнімен кетіпті. Енді бұл қылығы үшін аналық құқынан айырылып, балаларымен мүлдем қош айтысуы мүмкін, деп хабарлайды КТК арнасы.

павлодарлык маскунем

Тоғжан Шақұтова ішкен арағынан енді айыққанға ұқсайды. Қос ұлын өзі іздеп таппаған ол, 102-ге хабарласуға мәжбүр болдым дейді. Дереу оқиға орнына жеткен полицейлер аумақты түгел шарлаған. Түнімен із кезген олар ақыры балаларды маңайдағы тұрғын үйлердің бірінен тапты. Сөйтсе, анасы ұлдарын көшеде өтіп бара жатқан әйелге ұстатып кете барған екен. Онысы мас келіншектің ертеңінде есіне түскен.

«Ешкім оларды ұрлап әкеткен жоқ, өзім бердім», – деген әйел балаларының нақты қай үйде екенін білмегендіктен полиция шақырғанын айтады.

Ал бейтаныс адамдардың үйінде түнеген қос жеткіншек дін аман. Бұған дейін де талай бейтаныс жерде қонып жүрген сыңайлы. Өйткені, анасынан ажырап қалғанына қорқып отырған жоқ.

«Ол үйде тамақ ішіп, жуындық. Теледидар қарап, жеміс-жидек жедік», – дейді балалардың бірі Руслан Шақұтов.

Ішсе бала-шағасының қайда қалғанын білмейтін 40 жастағы әйел енді ұлдарымен мүлдем қош айтысуы мүмкін. Құзырлы орындар балаларына бұған дейін де дұрыс қарамағаны үшін істі болған оны аналық құқынан айыру мәселесін қарап жатыр.

«Ол кезде әкімдіктегі арнайы комиссияның шешімімен сынақ мерзімі берілген болатын. Өзі ішімдікке салынған. Бұл жолы енді кешірім болмайтын шығар», – дейді ювеналдық полиция инспекторы Мария Гафурова.

Бейтаныс адамдардың үйінде түнеген қос жеткіншек қазір арнайы орталыққа тапсырылған. Оларды жоғалттым деп тәртіп сақшыларын әуреге салған анасы болса, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Жіберіп алмаңыз:

Отандық кәсіпкер тікелей эфир кезінде науқас қыздың еміне 40 мың АҚШ долларын берді

Алматылық отбасының ЭКО арқылы дүниеге келген үш бірдей баласы сал ауруына шалдыққан

Алматыда автобусты соққан Гелендваген жүргізушісі жұрттан кешірім сұрады

Шымкенттік: Бас полицей үлкен қылмыстарды өзі қолдан жасады

Талқылау