Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда мас әйел 40 жастағы өз ұлын өлтіріп қойды

Павлодар облысына қарасты Шарбақты ауданында жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 60 жастағы ауыл тұрғынын «ізін суытпай» ұстады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттіктің ресми сауал хатына жолдаған жауабында облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. «Әйел алкогольдік мас күйде туындаған жанжал барысында 40 жастағы өзінің ұлына пышақ жарақатын келтірген.

Салдарынан ер адам қайтыс болды. Ұсталған кезде күдікті учаскелік полиция инспекторына қарсылық көрсеткен, оған дене жарақаттарын келтірген. Қылмыс орнынан пышақ алынды және заттай дәлелдеме ретінде сотқа дейінгі тергеу материалына қосылды», – деді мамандар.

Осы жағдайға қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы, 3-бөлімі – «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» және 380-бабы, 1-бөлімі – «Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық» бойынша тергеу жалғасуда.

Күдікті қамауда. Алғашқы бап бойынша күдікті сегіз жылдан он екі жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал, екінші бап бойынша мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте ұлан сарбаздары жоғалған үш бүлдіршінді тапты

Қазақстандықтар жаңа туған сәбиінің есімін SMS-хабарлама арқылы қоя алады

Отандық әнші 10 баланы құтқарған қаңғыбасқа баспана беруді ұсынды

Жаңа жылда Қазақстандықтардың неше күн демалатыны анықталды

Желідегілер Бақытбек Есентаевтың жас кездегі сымбаттылығына қайран қалды

 

 

Талқылау