Павлодарда марқұм әйелдің ішкі мүшелерін донорлыққа берген туыстарының басы дауға қалды

Бейсенбі, 25 Ақпан , 2016 23:09

Павлодарда марқұм әйелдің ішкі мүшелерін донорлыққа тегін берген туыстарының басы дауға қалды. Өйткені дүйім жұрт олар мәйіттің жүрегі, бауыры мен қос бүйрегін 3 науқасқа трансплантациялауға ақысыз бергендеріне сенбей, пайдақорлар деп қаралай бастапты.

image99112

 

Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Құрбысымен кездесуге кеткен Олеся Пушкина көшеде талып құлап, сол күйі есін жимапты. Комаға түскен 37 жастағы әйелдің миы өлсе де, өзге органдары қалыпты істеп тұрған. Кейін аурухана қызметкерлерінен донорлық жөнінде естіп білген туыстары алдымен дін қызметкері мен отбасының өзге мүшелерінің келісімін алады. Осылайша көзі тірі кезінде айналасындағыларға қол ұшын беруге дайын келіншектің сау мүшелерін транспалантациялауға көнеді.

“Анамның жүрегі әлі де соғатынын білгенде не айтарымды білмедім. Донорлыққа келісу біз үшін оңай шешім болмады. Әлеуметтік желілерде бұл туралы түрлі пікір жазылып жатыр. Сондықтан бүгін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртқа мәселенің анық-қанығын жеткізуді жөн көрдік”, – деді марқұмның қызы Арина Пушкина.

Ғаламторда қызу талқыланған бұл тақырыпқа қатысты жазылған қаңқу сөздер онсыз да қара жамылған туыстарының жағаларын ұстатыпты. Бірі ақша үшін десе, екіншілері атақ үшін істедіңдер деп шүйліккен. Көпшілік не десе де марқұм соңында екі адамға өмір сыйлап кетті.

“Жүрегі, бауыры, бүйректері үш адамға трансплантациялық жасалып болды біздің орталықта Астанада. Қазіргі күні сол үш науқастың екеуі жүрекпен, бауырмен өмір сүріп жатыр. Үшінші науқаста салынған бүйрек ол келмеді. Осы жағдай мультиорганный донорлық болған біздің тұрғындарымызға, біздің облысымызға үлгі болады деп сенемін”, – деді Павлодар қалалық №1 ауруханасының бас дәрігері Советхан Смақов.

Керекуде донорлыққа алғаш келіскен отбасы енді марқұм Олеся Пушкинаның сау мүшелерін алған азаматтармен кездесуді армандайды. Олардың есімдерін дәрігерлер әзірше, құпияда сақтап отыр.

Марқұм әйелдің сау мүшелерін донорлыққа өткізген  туыстары бұл қадамға өзгелерге үлгі көрсету үшін барғандарын айтады. Өйткені, бір ғана Павлодар облысында бүгінде донорлық ағзаға мұқтаж 125 адам тіркелген екен. Олардың үшеуі балалар. Кейбір науқастар өздеріне қажет ішкі мүшені тегін емес, тіпті барын беріп таба алмай жүр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар