Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда Ленин көшесінің атауы Астана болып өзгертілді

Көшенің жаңа атауы 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай ілінетін болады,-деп жазды Sputnik.

Павлодарда депутаттардың басым көпшілігі дауыс беріп, қаладағы Ленин көшесінің атауы Астана болып өзгертілді.

Бұл шешімді 21 қарашада Павлодар қалалық мәслихатында қабылдаған, енді ономастикалық комиссияға жіберіледі.

Шешімді қабылдауға облыс әкімі Болат Бақауовтың атына жазылған, 15 қала тұрғыны қол қойған хат себеп болды. Хатта павлодарлықтар Ленин көшесінің атауын өзгертуді сұрап, балама ретінде “Астана” атауын ұсынған.

Көше атауларын өзгертуге жарияланған мораторийдің мерзімі аяқталғандықтан, қалалық әкімдік депутаттардан осы өтінішті қарастыруды сұрайды.

Мәселені қоғамдық талқылау кезінде қатысушылардың пікірлері қарама-қайшы келді. Біразы Лениннің есімін ұмытпауымыз керек деп, тіпті осыған қатысты референдум өткізуді ұсынды. Қалғандары еліміз жаңа бағытта дамуы тиіс дегенді алға тартқан.

Дегенмен қалалық мәслихат кезінде дауыс берушілердің басым көпшілігі Ленин көшесінің атауын Астана деп ауыстыруды қолдады. Депутаттардың бірі Мақсат Айтышевтің хабарлауынша, жаңа атау бұрынғы Ленин көшесінде Тұңғыш Президент күніне орай пайда болады.

Оқи отырыңыз:

Димаш Лос-Анджелесте тұратын талантты қазақстандықпен кездесті

Сәкен Майғазиев: Көзін бояған еркек Отаны түгілі жарын да қорғай алмайды

Жұлдыз Өмірғали алғаш рет Айқын екеуіне қатысты бар шындықты айтты

Әлемге әйгілі композитор Димаш Құдайбергенді қонақ етті (видео)

 

 

 

Талқылау