Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда қыздарын трамвай басып кеткен отбасыға пәтер сыйланды

Бүгін екі қызын трамвай басып кеткен Шынар Уалитованың отбасына пәтер сатып алынды.

1964bee71c-5154-4dfa-b166-4588b3588306

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Осыған дейін ол туған ағалары тұратын және трамвайы жоқ Екібастұз қаласына қоныс аударғысы келетінін айтқан болатын. Бүгін таңертең «Павлодар мейірімділер клубының» еріктілері мен білім бөлімінің өкілдері Шынармен бірге Екібастұз қаласына барды. Аталған қаладан халықтың жинап бергеніне үш бөлмелі пәтер сатып алды.

Еске салайық, жантүршігерлік жол апаты Павлодар қаласында 7-қыркүйек күні орын алған. Салдарынан бір қыз көз жұмды. Сол күні клуб өзінің Instagram парақшасында зардап шеккен отбасыға көмек жинауды бастағанын хабарлаған. Ал бүгін 8 жастағы Марал ауруханадан шығарылған болатын.

Кейін еріктілер мен облыстық білім саласының өкілдері қосылып, көмекті бірге жасады. Пәтерді газет пен ғаламтордағы жарнамалар арқылы іздеді. Нәтижесінде Мұхтар Әуезов көшесіндегі аумағы 63,5, құны 8,5 миллион теңге болатын жиһаздары бар үш бөлмелі баспана таңдалды.

“Үй өте кең және ыңғайлы, қарызсыз. Тұрмыстық техника мен қалған жиһаздарды біз сатып аламыз. Енді сегіз жасар Маралдың жеке бөлмесі бар. №18-мектепке бару үшін оған жолдың арғы бетіне де өтіп керек емес. Балабақша мен емхана да жақын орналасқан”, – дейді Мария есімді ерікті.

Оқи отырыңыз:

ШҚО-да желіге әдепсіз суреттерін жариялаған шенеуніктер жазаланды (фото)

Алматылық бала көрші аулалардағы шашылған қоқыстарды жинап жүр (фото)

Шымкентте 3 жасар бала ашық жатқан сым тоғына түсіп, қолын тұтас күйдіріп алды

Тоңазытқыштан табылған егіздердің ағасының әрі қарайғы тағдыры белгілі болды

Талқылау