Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда сотталушы инспекторға пара бергені үшін айыппұл төлейтін болды

Павлодарда сотталушы инспектордың телефон нөміріне 2000 теңге көлемінде бірлік жіберіп, өзіне тағылған айыптан құтылмақшы болған. Және «Мынау менің атымнан. Келеңсіздіктер үшін кешіріңіз» деп жазылған.

7c8e252f5f3f0efedbcee6dfa83bb082_7

Бұл туралы қалалық мамандандырылған әкімшілік соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

2015 жылдың желтоқсандағы тексеру кезінде сотталушыны жергілікті мекен-жайынан таба алмаған. Ол телефон арқылы келесі күні келіп, түсінік беретінін айтқан.

 Оның бұл әрекеті заңсыз түрде материалдық сыйақы алу ісі бойынша сотта қаралды.

Сот отырысында айыпталушы бар кінәсін мойындап, істегендеріне өкінетінін, оны қатаң жазаламауын сұрады.

Сот шешімі бойынша ол әкімшілік құқық бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Ол 277 480 теңгені құрайды. Бұл үкім заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау