Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда құтқарушылар өрттің ортасында қалған 8 адамды алып шықты

Кеше Павлодарда көпқабатты үйде орын алған өрт салдарынан сегіз адам құтқарылды.

99977

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Бектұров көшесі, 2/1 мекенжайы бойынша 10 қабатты тұрғын үйдің ең соңғы қабатында ұсталған жиһаз жанып, қызыл жалын 30 шаршы метрді шарпыған.

“Тілсіз жауды сөндіруге бір звено жұмылдырылып, 15 минут жұмыс істеді. Сондай-ақ оқиға орнына медициналық апаттар орталығының мамандары шықты. Өрт сағат 16.55-те ауыздықталып, 17.22-де толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда”, – деді баспасөз қызметінде.

Оқи отырыңыз:

Алматыда жанып кеткен көлік ішінен адамның денесі табылды

Семейде жас келіншек 3 жасар баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберді

Алматыда жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, әйел мен бала зардап шекті

Өскеменде өрт кезінде екі бала пәтер ішінде қалып кетті

Талқылау