Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда құмар ойын ұйымдастырушысының жазасын қысқартты

Павлодар облысының қылмыстық істері жөніндегі апелляциялық сот алқасы заңсыз түрде құмар ойындармен айналысқан қылмыстық топ ұйымдастырушысының жазасын қысқартты.

10002472

Сурет: ©РИА новости. Александр Кряжев

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

2013 жылы қылмыстық ортаның көшбасшысы түзеу мекемесінде ойын бизнесі бойынша топ құрып, сотталғандар арасында ақшаға құмар ойындар (карта, нарда) ойнатқан. Ол түрмедегі жазасын өтеушінің бірін осы мақсатта жұмыс істеуге үгіттеген. Ал, ол тағы бір сотталушы осы мақсатта өздеріне тартқан. Осылайша түзеу мекемесінде ойын бизнесін жүргізуші топ құрылып, заңсыз түрде ақша алу, ақша сақтау әрекеттері болған.

Қалалық сот қылмыстық бизнес ұйымдастырушысын кәнілі деп тауып, заңсыз түрде алынған ірі көлемдегі ашқасын тәркілеуге, сондай-ақ, 8 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын түзеу мекемесінде өтеуге шешім шығарған.

Оның жақтастарын 7,5 және 7 жылға бас бостандығынан айыруға, мүлкі тәркіленіп, жазасын қатаң ұстау абақтысында өтеуге үкім шықты.

«Облыстық соттың қылмыстық істері бойынша апелляциялық сот алқасы сот шешімін өзгертіп, құмар ойын ұйымдастырушысына 7 жыл 9 айға бас бостандығын айыру жазасын тағайындады. Соттың қалған екі шешімі өзгертусіз енгізілді», – делінген хабарламада.

Талқылау