Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда көзі тірі сантехникке ескерткіш қойылды

Бір қызығы – мүсіннің прототипінің көзі тірі. Ол 40 жыл бойы осы салада тынымсыз еңбек еткен Сергей Тычков, – деп хабарлайды КТК арансының сайты.

Безымянный

Шойыннан құйылған туындыны бүгін кейіпкердің өзі алғашқылардың бірі болып көрді. Оған қажет қаражатты өзен вокзалының ұжымы жинаған. Өзінің көшірмесін көрген сантехниктің көңілі босап, бұған дейін еш сый-құрметке бөленбегенін айтты.

Ал туындыны жасау үшін керекулік мүсіншілер бірнеше ай тер төккен. Өзен вокзалының басшылығы болса биыл мұнда күзетті күйшейтіп, бақылау камераларының санын көбейткен. Өйткені бұған дейін осы аумақта тұрған су перісі мүсінін бұзақылар сындырып, өзенге лақтырып тастаған болатын.

“Жалпы сантехниктерді ешкім танып біле бермейді. Сондықтан бұл жалғыз маған ғана емес, осы салада жұмыс істеп жүрген азаматтар үшін де сый болмақ, – деді сантехник Сергей Тычков.

Талқылау