Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда қожайыны жоқ кезде мысық үйге екіқабат “сүйіктісін” алып келген

Қожайыны екі апта ауруханаға түсіп қалған кезде Котофей атты үй мысығы, терезеден өзінің “махаббатын” үйге кіргізіп алған. Үй иесі келген кезде, үйден 5 жаңа туылған мысықты көрген.

120321173_1_644x461_krasivye-sibirskie-kotyata-harkov.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c419229

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

“Біздің мысығымыз терезеден секіріп шығып, көрші мысықтармен ойнағанды ұнатады. Жақында мені ауруханаға алып кетті де мысық жалғыз қалған. Қызым күн сайын мысыққа тамақ беріп, бірақ оның соншалықты көп жейтіндігіне таңқалған. Мен екі аптадан соң үйге оралғанда шкафтан бес-алты мысықты көрдім”, – дейді Валентина Ивановна.

Қазір мысықтардың туғанына бір айдай уақыт болды. Әр күн сайын серуендеп келгеннен кейін мысық шкафқа барып, өзінің сүйіктісін көріп барып тамаққа отырады екен. Қазір кішкентай мысықтарды өзгелер алып кетіп жатыр. Енді тек олардың екеуі ғана қалған.

Талқылау