Павлодарда көлікті мас күйінде айдаған полицей жұмыстан қуылды

Жұма, 15 Шілде , 2016 15:59

Павлодарда көлікті мас күйінде жүргізген полицей үш жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, жұмыстан шығарылды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

Ìîëîäîé ÷åëîâåê ñ áóòûëêîé ïèâà çà ðóëåì àâòîìîáèëÿ

Сурет spokoino.ru

Мамандандырылған аудан аралық сот мәліметінше, 17 маусым күні полиция капитаны Volkswagen Vento автокөлігінің рөліне мас күйінде отырған. Мұны медициналық тексеріс қорытындысы да растады.

Сот үкімімен полицей кінәлі деп танылып, өрескел құқық бұзғаны үшін 3 жылға дейін көлік рөліне отыра алмайтын болды.

“Полицейдің мас күйде көлік жүргізгеніне байланысты қызметтік тексеріс жүргізіліп, нәтижесін тәртіп комиссиясы қарастырды. Облыстық ІІД басшысының бұйрығымен полиция капитаны ішкі істер органынан шығарылып отыр”, – делінген ІІД хабарламасында.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар