Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда көлік жүргізушісі апатқа ұшырап, тірідей жанып кетті (видео)

Павлодар—Семей тасжолында жол апаты болып, көлік жүргізушісі жанып кетті.

Павлодар облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тасжолда  “Лада” мен “ГАЗель” жүк көлігі соқтығысты. Апат салдарынан көлік өртеніп, “Лада” жүргізушісі тірідей жанып кетті. Оқиға 9 қазан күні түнде Байдалы ауылына жақын жерде болды. Екі көлік те өртеніп, түгі қалмай жанып кеткен.

Желіде жол апатының видеосы жарияланды.

“Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, соның салдарынан абайсызда болған адам өлімі” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Говорят у нас, по трассе недалеко от п. Заря, правда? 😱

Публикация от 🔝 Автосообщество ПАВЛОДАРА (@kolesa_pavlodara)

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау