Павлодарда көбірек “лайк” жинау үшін шатырдан-шатырға секіріп суретке түскен балалар ұсталды

Бейсенбі, 20 Сәуір , 2017 14:48

Павлодарда тоғыз қабатты үйдің төбесінде суретке түспек болған алты жасөспірім ұсталды.

8cfdc9c9729350fe242df7c5da0191b3

Бұл туралы Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, полиция Instagram желісінде пайда болған бейнежазбаға байланысты шара қолданған.

Бейнеде жасөспірімдер аса қауіпті биіктікке шығып селфи жасаған екен. Бұл бейнежазбаның барлық кейіпкерлері табылды, олар 2001-2004 жылы туған алты жасөспірім. Оқушылар арасында ата-аналарымен бірге әңгіме жүргізілді.

“Жасөспірімдер күннің қызарып батқанын қызықтап, Павлодардың әдемі тұстарын биіктен тамашалағымыз келді деп түсіндірді, бірақ бейнежазбалар мен суреттерден көргеніміздей, олар әлеуметтік желіде көбірек “лайк” жинау үшін шатырдан-шатырға секіріп суретке түседі екен”, — дейді облыстың ІІД баспасөз қызметінің басшысы Баян Мазғұмова.

Полицейлер ата-аналарға балаларымен қатаң түрде сөйлесуге тапсырма берді. Сонымен қатар, қаланың тұрғын үй коммуналдық шарушашылығына барлық шатырлар мен жертөлелерді бекітіп қою туралы ұсыныс жіберілді.

Оқи отырыңыз:

Алматыда студенттер жатақханасының отбасыларға жалға берілетіні белгілі болды

Алматыда жатақханадағы жаппай төбелесте 1-курс студенті көз жұмды

Қарағандыда ерлі-зайыптылардың 7 қыздан соң көптен күткен ұлы өмірге келді (фото)

Шариғат бойынша сәуір айының жаңбыры көптеген дертке дауа

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар