Павлодарда кішкентай қызды төмпештеп жатқан балабақша қызметкерінің әрекеті камераға түсіп қалды

Адуынды бала бағушы. Павлодарда балабақша қызметкері бүлдіршіндерді ұрғаны үшін жұмысынан қуылды. Оның кішкентайларды төмпештеп жатқаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Мұны көрген ата-аналар бала бағушының үстінен полицияға шағым түсірді. Қазір осы жағдайға қатысты арнайы сараптама тағайындалып, қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлады КТК.

Павлодарда кішкентай қызды төмпештеп жатқан балабақша қызметкерінің әрекеті камераға түсіп қалды

Юлия Спирина 3 ай бұрын кішкентай қызын мына балабақшаға ауыстырғанын айтады. Бастапқыда бәрі ойдағыдай болғанымен, соңғы кезде бүлдіршін бақшаға барар кезде жылауды шығарыпты. Әлі үйрене алмай жүр ғой деп, бұған аса мән бермеген әйел кейін қызының мінезі біртүрлі болып кеткенін байқаған. Сөйтсе, баласы топтағы тәрбиешінің адуынды көмекшісінен қорқып қалған екен.

“Қызыма тиіспесе де басқа бүлдіршіндерді беттерінен ұрады екен. Керек болса, итеріп, жұлқылап ақыратын көрінеді. Тәрбиеші топтан шығып кеткен кездерде көмекшісі осылай балаларымызға тәрбие беріп келген”, – дейді Павлодар тұрғыны Юлия Спирина.

Бұл жайтқа нақты көз жеткізу үшін ата-аналар топтағы бейнебақылау камерасындағы таспаны алдыртыпты. Сөйтсе, бала бағушы бүлдіршіндерге шынымен де ақырып, жұлмалайтын көрінеді.

“Балаларды ұрады екен. Қызымды бір соғып, жылатып қойыпты. Қазір денесіндегі іздер тексеріліп, сараптамаға жіберілді. Баламды ұрғаны дәлелденсе, ісім осы әйелмен болсын”, – дейді тағы бір ата-ана Татьяна Харченко.

Осылай деген 20-ға жуық ата-ана бала бағушының үстінен полицияға арыз түсірген. Ал мекеме басшылары оны жұмыстан қуып жіберіпті.

“Бірінші кіші топтың ата-аналары басшыға шағыммен келді тәрбиешінің көмекшісі балаларға дауыс көтеріп, қол көтерді деп өтініш жасады. Біз осы ата-аналармен бірге видеобақылауды байқап, осындай әрекет бар екенін көрдік. Сол сәтте осы адаммен келісім-шарт бұзылды”, – дейді №21 сәбилер бақшасының әдіскері Алтынгүл Нығманова.

Тәртіп сақшылары болса, «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізуде. Ал ашушаң бала бағушы 35 жаста екен. Балабақшадағы бұл қызметіне бір жарым жыл бұрын орналасқан әйелдің кәмелет жасына толмаған бір қызы бар. Енді балабақшадағы бүлдіршіндерге көрсеткен қорлығы дәлелденсе дәлелденсе, 721 мың теңге көлемінде айыппұл арқалап, тіпті, 75 күнге қамалуы да мүмкін.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
14.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар