Павлодарда қазақ тілі әдіскері киіз үйдің ішінде тіл үйретеді (видео)

Павлодар қаласындағы мәдениет және демалыс саябағында құрылған киіз үйде тұрғындарға мемлекеттік тіл үйрететін «Тіл керуені» жобасы басталды.

IMG_5751

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлады.

«Тіл керуені» жобасының мақсаты – қазақ тілін үйрету ғана емес, сонымен қатар, ұлттық салт-дәстүрмен таныстыру және музей, театр сынды тарихи орындарда түрлі мәдени шаралар ұйымдастыру. Қазақтың дастарқанында ежелден бері орын алып келген бауырсақ, құрт, қоспа секілді ұлттық тағамдар да насихатталады. Тыңдаушылардың барлығы мемлекеттік тілде еркін сөйлеп кетпесе де, оң әсер алады деген ойдамыз”, – дейді облыстық «Ана тілі» орталығының директоры Шолпан Кенжекова.

IMG_5748

Аталған жоба өткен жылы Ақсу қаласына қарасты Құркөл ауылында басталып, екі киіз үй құрылған. Осындай әдіспен жеті ауданның тұрғындарына ана тілін үйреткен. Жобаның қорытынды концерті Баянауыл ауданы Торайғыр ауылында болды. Оған 70 адам қатысып, Баянауылдың тарихи өлкетану музейіне экскурсия жасады. Ал, биылғы жылғы ерекше жайлау Павлодар қалалық саябағынан орын алды. «Тіл Керуеннің» әрбір қатысушысы әдістемелік кешен мен флэш-тренингін алды. Әдістемелік жобасы 50 сағатқа арналған.

“Жалпы «Тіл керуеніне» қатысушылардың жасына шек қойылмайды. Өйткені тіл мен мәдениет жасқа қарамайды ғой. Сондай-ақ тілді үйренгісі келетіндерге күнделікті өмірдегі тұрмыстық жағдайға бейімдеп, бірте-бірте сіңіру қажет”, – дейді әдіскер.

Оқи отырыңыз:

Ақтауда қалыңдық көйлегін киген 37 ару шеруге шықты

Қызылорда тұрғыны өзін “Қайсар” футбол клубының капитаны соққыға жықты деп жәбірленді

Қазақстандық жезөкшелер ЭКСПО кезінде қызмет көрсетіп ақша таппақ

Астанада 2500 адам тіркелген пәтер табылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
24.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар