Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда қайтыс болған кісі 3 адамға өмір сыйлап кетті

37 жастағы ер адамның бір бүйрегі мен жүрегі екі ересек адамның өмірін сақтап қалса, екінші бүйрегі 13 жасар балаға салынды.

өмір-сыйлады
Дәрігерлер мұндай қадамға бармас бұрын қайтыс болған адамның туыстарынан рұқсат алған.

«Мұндай жағдайда біз міндетті түрде қайтыс болған адамның туыстарымен сөйлесіп, ақылдасып, рұқсатын аламыз. Мысалы 37 жастағы азаматтың миы 19 сәуір күні жұмыс істеуін тоқтатты. Сол мезетте оның туыстары өзге адамдардың өмірін сақтап қалуға рұқсат берді. Өз кезегінде дәрігерлер бірден іске кірісті»,-дейді трансплантация бойынша аймақтық үйлестіруші Дмитрий Потеребух.

Ағза күтіп отырған адамдарға ота сол күні-ақ Астанада  жасалыпты. Оның сөзінше, қайтыс болған адамның бір бүйрегі Қарағанды, екіншісі Астаналық балаға, жүрегі Астана тұрғынына салынған.

Оқи отырыңыз:

Назарбаев мемлекет есебінен пәтер алуға қатысты: Енді тегін ештеңе жоқ

ОҚО мен Ақтөбе өңірлерінде антитеррорлық операция жүргізіліп, 4 радикалды топ ұсталды

Елімізде дәрігерлер науқас ұшқыштарға “дені сау” деп анықтама беріп ұшуға жіберген

Қазақстанда АИ-92 бензині арзандады

Талқылау