Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда қайтыс болған донордың отбасы көмекке мұқтаж

Павлодарда қайтыс болған донордың отбасы қиын жағдайға тап болды. Өткен жылы Гүлшайза Ахметованың күйеуі жансақтау бөліміне түсіп, көз жұмған еді. Сонда жесір қалған әйел күйеуінің ағзасын мұқтаж жандарға беруге рұқсатын берген болатын. Осылайша, марқұмның бүйрегі мен бауыры бірнеше адамның өмірін сақтап қалды.

Павлодарда қайтыс болған донордың отбасы көмекке мұқтаж

Бұл туралы 31-арнаға сілтеп, Stan.kz ақпарттық агенттігі хабарлайды.

Бірақ енді басқалардың өмірін аман алып қалған донордың үш жасар қызы көмекке мұқтаж. Кішкентай Каусар көру қабілетінен ауырылуы мүмкін.

Ал бір жыл бұрын ғана күйеуін жер қойнына тапсырған Гүлшайза Ахметова қызының емі үшін көмек сұрап, жанайқайын жеткізді. Ол барлық уақытын үш жасар Кәусарға арнайды. Бүлдіршінді күн сайын оңалту орталығына алып бару керек, онда мүгедек бала логопед пен дефектолқа қаралады. Бірақ ол массаж бен жаттығу терапиясын үнемі ала алмайды. Себебі, орталықта ұзын-сонар кезек, ал жеке мамандарға жүгінуге қаражат жоқ. Церебралды сал ауруына шалдыққан Кәусардың бас сүйегі өспей қалған.

«Әрбір әйел тұрмысқа шыққанда ана атанғысы келеді. Менің арманым – тек күйеуім екеуіміздің жалғыз баламызды аяғынан тік тұрғызу. Оның жүгіргенін, күлгенін көргім келеді. Осы үшін халықтан көмек сұраймын. Егер қызым осы оңалтудан өтсе, онда көру қабілеті оралады және жүре алады. Кәусар секілді балалар сонда барып ем алып, жақсы нәтижемен оралды»,- дейді Павлодар тұрғыны Гүлшайза Ахметова.

2017 жылдың аяғында Гүлшайза жұбайынан, отбасын асыраушысынан айрылды. Жұмысынан қайтып бара жатқан Бауыржан Есқайыров тек үйіне қоңырау шалып қана үлгерді, бірақ отбасымен қауыша алмады. Ал келесі күні дәрігерлер Гүлшайзаны жансақтау бөліміне шақырды. Бірақ, бірнеше күн өткеннен кейін, дәрігерлер науқастың миының өлгенін айтып, Гүлшайзадан күйеуінің ағзасын басқа адамдардың өмірін құтқару үшін алуға рұқсат сұрады. Нәтижесінде марқұмның екі бүйрегі екі балаға, ал бауыры – жас жігітке ауыстырылды. Гүлшайза бұнымен саудаласып отырған жоқ, бірақ сол секілді жанашырлық көмек келер деп үміттенеді.

«Бір ай бұрын қытайлық клиникаға хабарласып, дәрігерлермен сөйлестім, барлық ақпаратты, диагнозды көрсеттім. Олар қызымды аяғынан тұрғызуға болатынын айтты. Сөйтіп оңалту курсының қанша тұратынын есептеп берді. Біздің ақшаға аударылғанда оңалту курсы 4 млн теңгені құрайды екен. Ал сонда барып келуді, тамағыңды қосқанда шамамен 8 миллион қажет»,- дейді Гүлшайза Ахметова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау