Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда кәсіпкер қыз Тимур Құлыбаевқа қолдан жасалған ерекше көбелек-галстук сыйлады (фото)

Павлодарға жұмыс сапарымен келген «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы төралқасының төрағасына жас кәсіпкер Римма Ковалева ерекше сый жасады.

????????????????????????????????????

Қолдан жасалған көбелек-галстук Торайғыров атындағы ПМУ-дің Coworking орталығында таныстырылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Rimmini» жобасының авторы Римма Ковалеваның айтуынша, үш жыл ішінде ол мыңдаған аксессуарын сатып, бүгінде жұмысын кеңейтуде.

????????????????????????????????????
“Сіз өз жұмысыңызға матаны қайдан аласыз? Жұмысты қалай жүзеге асырасыз?, – деп қызығушылық танытты «Атамекен» ҰҚП басшысы.

“Мен матаны Норвегиядан аламын. Ал, тапсырыстарды интернет арқылы қабылдаймын”, – деді жас бизнес ханым.

????????????????????????????????????

Университет қабырғасында Тимур Құлыбаевқа «Павлодар» экономикалық аймағы, Екібастұздағы индустриялық аймақ пен осы алаңдарда қызмет ететін кәсіпорындардың жобасы таныстырылды. Сондай-ақ, сапар барысында мейман Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовпен бірге Павлодар мұнай-химия зауытын және «Халық банкі» АҚ облыстық филиалын аралады. Зауытта Тимур Құлыбаевқа кәсіпорынның жаңғырту жұмыстары көрсетілді. Бұдан бөлек, олар «Атамекен» палатасының аймақтық филиалында өткен кеңейтілген кәсіпкерлер кеңесіне қатысты.

Тағы да оқыңыз:

Өскеменде жай ғана қолы сынып көз жұмған науқастың әйелі бұған дәрігерлерді кінәлауда

Депутат көпбалалы отбасыға 3 бөлмелі үй сатып алып берді

101 жастағы қазақ әжей Америкада қарттар үйінде тұрып жатыр (фото)

Талқылау