Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда кәмілетке толмаған қызды зорлаған үш жігітке жаза кесілді

21-23 жас аралығындағы үш павлодарлық кәмілетке толмаған қызды зорлады деп айыпталып, ұзақ уақытқа бас бостандықтарынан айырылды. 8074416

Павлодар облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты кәмілетке жасы жетпеген қызды зорлаған үш жігітке үкім шығарды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметінің басшысы Светлана Маркина хабарлаған.

Сот тергеу жұмыстарының нәтижесі бойынша, 2015 жылдың 23 сәуірінде ішімдік ішкен үш жігіт қаладағы дүкендердің бірінің жанынан кәмілетке толмаған қызды кездестіреді. Олар қыздан өтірік жақын маңдағы үйлердің бірінде тұратын таныстарын сұраған болады. Сосын үшеуі қызды сүйрелеп сол жердегі әжетханаға апарады. Өлтіреміз деп қорқытан қаскөйлер кезек-кезегімен зорлық әрекеттерін жасаған.

“Сот үкімі бойынша 21 жастағы Павлодар тұрғыны айыпты деп табылып, жазасын 11 жыл қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтейтін болды. Қылмысқа қатысы 21 және 23 жастағы екі жігітке 8 жыл жаза кесілді. Екеуі жазаларын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейді”, – дейді Маркина.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

Талқылау