Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда ішімдікті доғарған анаға үш баласы қайтарылды

Павлодар облысында ата-аналық құқығын қайтарғысы келген үш баланың анасы тұрмысқа шығып, ішімдік ішуді тастаған.

11411307_m

Сондай-ақ нан пісіруші болып жұмысқа орналасып, үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық соттың баспасөз хатшысы Жанар Жұматаеваның айтуынша, 13 жастағы Алла, жеті жастағы Полина мен үш жасар Верониканың анасына жарты жыл бұрын ата-аналық құқығына шектеу қойылған. Іс материалына сүйенсек, қамқорлық органдары үш қыздың анасы ішімдікке салынып, жұмыс істемеген және үйіне күдікті тұлғаларды әкеліп, балаларға жеткілікті назар аудармағанын анықтаған.

Бұл отбасының тұрғын үй жағдайы мүшкіл күйде еді. Соттан кейін қыздар ата-анасының қамқорлығынан айырылған және жетім балаларға арналған №2 Качир балалар үйі мен Песчан арнайы түзету мектеп-интернатына, облыстық сәбилер үйіне орналастырылған. Сот залында белгілі болғандай, үш мекеменің өкілі де осы уақыт бойы анасы қыздарына сәлемдеме мен жылы киімдер жолдап, үнемі хабарласып тұрғанын айтады.

“Балаларын қайтару үшін азаматша өзінің өмір сүру салтын толығымен өзгертті. Қыздарға барлық тұрмыстық жағдай жасап, өзінің атына аударғысы келген балалардың әкесімен некесін ресімдеген. Қыздар да отбасына оралғысы келеді. Олардың үлкені сіңлілерімен бірге үйіне қайту үшін жазбаша түрде өтініш жазды”, – дейді сотта Железин ауданы білім беру бөлімінің өкілі Нұрлан Қапаров.

Сот қыздардың анасына ата-аналық құқығын қайтару туралы шешім қабылдады.

Талқылау