Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда Ертіске құлап кеткен 6 жастағы қыз есін жинады

Павлодарда 6 жастағы қыз ұзақ уақыт комадан кейін көзін ашты. Ол бірнеше күн бұрын туған әжесімен бірге мұз ойылып, өзенге түсіп кеткен болатын. Өкінішке орай, әжесі құтқарушылар келем дегенше көз жұмған.

skoraya_svit

Сурет www.metronews.ru сайтынан алынды

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Балақай есін бүгін жинады. Бірақ, әлі де болса дәрігерлердің бақылауында. Полицейлер анықтағандай, кішкентай қыз таңертеңгілік әжесімен серуендеп жүріп оқыс оқиғаға тап болған.

“Қуанышқа қарай бүгін қыз есін жинады. Ол оны ешкім итермегенін, өздері құлап кеткенін айтты. Әжесі оны құтқарып қалыпты”, – дейді Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Сәуле Мусинова.

Қыздың анасы алкоголдікке салынғандықтан ата-ана құқығынан айырылған екен. Әкесі жоқ. Сондықтан да қыз әжесінің қарауында болған екен.

Зардап шеккен қыз кеше комада жатқан еді. Оның алдағы тағдырымен арнайы органдар айналыспақ. Құтқарушылар, өзен жағалап қыдырыстаудың өте қауіпті екенін ескертеді. Қазіргі кезде өзен температурасы бар болғаны 3 градус ғана.

“Мұздың жұқа, қауіпті, тайғақ екені жазылған арнайы белгі тұр. Құлап кету қаупі жоғары”, – дейді Павлодар қалалық жедел-құтқару отрядының құтқарушысы Анатолий Колтаков.

Жылы ауа-райына байланысты Ертістің биылғы мұзы өте жұқа. Соған орай жағалауға арнайы ескерту белгілері қойылған. Мұздың қалыңдығы бірнеше сантиметр ғана.

Талқылау