Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда ер адам оқушы қызды лифттің ішінде зорлап тастай жаздады

Павлодар полициясы лифт ішінде кәмелетке толмаған қыз баланы зорламақшы болған ер адамды іздестіріп жатыр.

88988

Бұл туралы pavon.kz хабарлайды.

Оқиға 22 сәуір күні көпқабатты үйлердің біріндегі подъезде орналасқан лифт ішінде болған. Облыстық ІІД толық оқиға туралы хабарламағанымен, жағдайдың болғанын растады. Қазіргі таңда жасы 30-35, бойы 170-175 см шамасындағы, европалық түр-әлпетті ер адамға іздеу жарияланған. Күдікті көк түсті жейде, қоңыр түсті шалбар киген.

Павлодарлықтар бір-біріне аудио хабарлама жіберу арқылы ескертіп жатыр.

“1 май ауданында тұратындар абай болыңыздар. Онда менің анам үшінші подъезде тұрады. Қазір оларда күні бойы полиция тексеріп жатыр. Әр қабатта 4-6 адамнан. 15 жастағы қызды зорлап кете жаздаған. Балаларға сақ болыңыздар”, – делінген хабарламалардың бірінде.

Оқи отырыңыз:

8 жасар қызды педофилден құтқарған оқушы тегін оқудан бас тартты

Талдықорғандағы Назарбев мектебінде 18 оқушы астан уланып қалды

Жамбылда шетел жүргізушілерін тонаған полицейлер сотталды

Үйлері су астында қалған ақтөбеліктер биліктен жаңа пәтер талап етіп жатыр

Талқылау