Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда ер адам көліктің жүксалғышын ашып қалып, төгілген көкөніс астында қалып көз жұмды

Павлодарда ер адам жұмыс орнында көз жұмды. Ол техникалық қауіпсіздік ережелерін ұстанбаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

“Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері келгенімен, оны аман алып қала алмады. Құтқарушылар келіп, көкөніс астында қалған мәйітті шығарып алды”, – дейді Павлодар жедел жәрдем стансасы бас дәрігерінің орынбасары Ольга Вербовая.

Оқиға Павлодардағы № 2 көкөністер базасында болды. Марқұм азамат 30 жаста болған. Ол жүк көлігінің ортн ашып қалып, өзі жасымық бұршағы астында қалды. Тонналаған бұршақ оны көміп тастады.

«Дәрігерлер ер адамның өлімі тыныс алу жолдарының механикалық асфиксиясы салдарынан, яғни тұншығудан болғанын анықтады», – деді  Ольга Вербовая.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау