Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда ер адам жануарлардың азығына қайырымдылықтан түскен ақшаны ұрлап кетті (видео)

Павлодарда ер адам зоодүкендегі иесіз жануарлардың азығына қайырымдылықтан түскен қаражатты ұрлап кеткен. Алайда, ол дүкенде бейне бақылау камерасының барын байқамаған, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Безымянный

Алдымен ол дүкенді зат алатын адамша аралап шыққан. Жануарлардың азығы үшін ақша жинайтын қорапты көргенде оны алып кетуге бекінеді. Алдымен сақтық үшін тысқа шығып келіп, бетіне маска жауып қайта кіреді. Сөйтіп, ақшасы бар қорапты өзімен алып қашып кеткен. Бақылау камерасы арқылы ұрының бет-жүзі анықталды. Алайда, әлі ұсталған жоқ. Қорапта 10 мың теңге ақша болған.

«Қазір 60-қа жуық иесіз жануарлар бар. 20 ит, 40 мысық бар. Олардың бәрін асырау үшін әрбір тиынның өзі санаулы болатын», – дейді жануарларды асыраушы Мария Гребенкина.

Талқылау