Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда еңбек демалысындағы полицей екі ұрыны жалғыз өзі ұстаған

Павлодарлық полиция қызметкері еңбек демалысы кезінде көршісінің үйін тонамақ болған еі күдіктіні бір өзі ұстаған.

11003308

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша демалысын үйінде өткізіп жатқан жол-патрульдік полициясының қызметкері, көрші үйдің есігінің әдеттегіден басқаша қайта-қайта сытырлап жатқанын естіген. Ол өз үйінен шығып қараған сәтте көршісінің есігін бірі бұзғалы тұрған, екіншісі баспалдақта күзетіп тұрған 20-25 жас аралығындағы екі жігітті көреді.

«Ол бірден күдіктілерді сол жерде ұстап қалу әрекетін жасап есіктерді жауып тастаған. Сондай-ақ, жұбайына полицияға қоңырау шалуды айқайлап айтқан. Полицияны күтіп тұрған сәтте қарақшылардың бірі демалыстағы сержантты қаруымен қорқытып оқиға орнынан қашып кетпекші болған»,-делінген хатта.

Оқиға орнына бірден аймақтық полиция жетіп келген. Полицияны көрген күдіктілер бірден қылмысқа қатысы жоқтарын, өздерін ұстап берген азаматқа тіптен дауыс көтермегендерін айтып өзгере қалған.

«Күдіктілерді тексеру кезінде олардың бірі 17 екіншісі 23 жастағы қала тұрғыны екені анықталған. Оқиғаны толық зерттеу үшін екі азамат уақытша тергеу абақтысына қамалған»,-деп жазылған хатта.

Заттай айғақ ретінде: құлып сердцевинасы мен болт кілті, түрлі кілттер алынған.
Полицияның көршісі қауіптің алдын алған полиция қызметкеріне өз кезегінде алғыс айтқан.

Талқылау