Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда баланың көзіне 50 теңгелікті лақтырған жүргізуші 100 мың теңге айыппұл төлейді

Павлодарда жолаушы азаматшамен жанжалдасып қалып, баласының көзіне ақша лақтырған №1 қалалық автобустың жүргізушісі сот шешімімен 100 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды.

image

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

“Басында азаматша жүргізуші мен ол жұмыс істейтін ЖШС жазалауды сұрады. Ол моральдық залал ретінде 500 мың теңге мен 20 мың теңге көлемінде материалдық шығынды өтеуді талап етті. Соңғы сома дәрі-дәрмекке жұмсалған. Осылайша, сот арыз берушінің өтінішін қанағаттандырды”, – дейді облыстық сот баспасөз қызметінің жетекшісі Жанар Жұматаева.

Іс материалына сүйенсек, әйел адам қолындағы баламен көліктің ішінде қозғала алмағандықтан және бірден жолақысын төлемегені үшін қақтығыс туындаған. Бұдан кейін жүргізуші автокөлікті тоқтатып, төлемақыны сұраған. Азаматша бұл талапты орындап, үстінен қосымша 50 теңге төлеген. Дегенмен жүргізуші ақшаны кері лақтырған кезде тиын баланың көзіне тиіп, балғынның денсаулығына зиян келген. Сот шешімі әзірге заңды күшіне енбеді.

Талқылау