Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда екі бойжеткен шетел азаматын өлтірді деген күдікке ілінді

Павлодар қаласының екі тұрғыны шетел азаматын айуандықпен өлтірді деген күдікпен ұсталды.

Бұл туралы pavon.kz жазады.

Шетел азаматының қатігездікпен өлтірілгені туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болған. Оның денесі жалдамалы пәтердің балконынан табылыпты. Көршілердің айтуынша, олар пәтерден айқайды естіген.

Бейнебақылау камерасындағы жазбаға сәйкес, сол күні кешке 18:46-да подъездге екі қыз кіреді. Олардың бірі маска киген. 21:54-те жас жігіт кірген. Сосын олар үшеуі қайта шығып кетеді.

Адам мәйітінің табылғаны туралы ақпаратты Павлодар облыстық ІІД растады. Полиция мәліметінше денесінде зорлық белгілері бар 25 жастағы жігіттің денесі 13 қазан күні жалдамалы пәтерден табылған.

Полиция қызметкерлері қылмыстық істің ізін суытпай екі қызды ұстады. Олардың бірі қаладағы оқу орындарының бірінде екінші курста оқиды. Белгілі болғандай қыздардың бірі ер адаммен ұрысып қалып, сосын өш алу үшін құрбысын ертіп келген.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК 99 бабы негізінде сот алды тергеу жұмыстары басталды. Күдіктілер қамауға алынды.

Оқи отырыңыз:

Батыс Қазақстанда балаға қасқыр шапты

Қостанай облысында полицейлер жанып жатқан үйден әйел мен үш баланы алып шықты

Ақтөбеде бәйге мәресіне жеткен сәйгүлік мерт болды

Аружан Саинды Египетте моторлы қайық соғып кетті

Талқылау