Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда өртте қалған екі айлық сәби күйіп қалды

Павлодарда 16 қабатты көппәтерлі тұрғын үйден өрт шықты.

Бесінші қабаттағы пәтерде бір шаршы метр аумақ жанған. Оқиға орнынан облыстық балалар ауруханасына екі айлық қыз бала жеткізілді. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына отты қолданудағы салақтық себеп болған.

Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметінен 18 қызметкер және бес техника, апаттық медицина орталығынан үш адам мен бір техника жұмылдырылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бүгінгі таңда 3-4 санаттағы күйік шалған қыз бала ауыр жағдайда. Жансақтау бөлімінде ем қабылдауда.


Күйіп қалғанда алғашқы көмек көрсету: не істеуге болады және болмайды

Талқылау