Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда егіздер саны артып келеді

Соңғы жылдары Павлодар облысында егіздердің дүниеге келуі жиілеген, – деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

4000x2666_793158_[www.ArtFile.ru]

Сурет artfile.ru сайтынан алынды.

Облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Айдар Сейітқазинов мәлімдегендей, былтырғы жылы көрсеткіш едәуір ұлғайған.

– 2015 жылы Павлодар облысында 141 егіз бен үш үшем дүниеге келген. Ал, 2016 жылы өңірде төрт егіз жарық дүние есігін ашты. Биыл әзірге үшемдер дүниеге келген жоқ, – дейді А. Сейітқазинов жергілікті БАҚ жолдаған сауалға.

Айта кетерлігі, облыстық статистика департаментінің мәліметінше, 2013 жылы 85 ана егіз баланы дүниеге әкелсе, үш ана үшем туған. Ал 2014 жылы 114 егіз бен екі үшем туылған. Мамандардың хабарлауынша, егіздер туылған 141 жағдайдың бесеуінде экстракорпоральды көмек қажет болған. Алайда үшемдер туылған үш жағдайдың біреуінде ғана отбасы аталған медициналық қызмет түріне жүгінбеген.

Айдар Сейітқазиновтың айтуынша, өткен жылы Павлодар облысында 36 отбасы квота арқылы экстракорпоральды ұрықтандырудың көмегіне жіберілген. Биылғы жылы бұл мақсатта қаражат бөлінген жоқ.

Талқылау