Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда Декабрь есімді жігіт тұрады

Павлодар облысының Ақжол ауылында Декабрь есімді жігіт тұрады. Ол жергілікті Мәдениет үйінде қызмет етеді.

rubric_issue_479867_a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c429484

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Жігіттің өзі есімінің Еркінбек екенін айтады. Алайда, қызметкер құжатында есімін Декабрь деп жазып жіберген. Олардың қателескені, әлде әзілдегені белгісіз. Жігіт алдағы уақытта есімін өзгертуге арыз бермек.

Декабрь жұбайы Бердігұлмен бірге Семейде білім алып, «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен Ақжол ауылына барған. Өзі ауылық Мәдениет үйінде, әйелі дәрігер қызметінде істейді. Ерлі зайыптылардың ұлы мен қызы бар.

«Бастапқыда қиын болды. Қазір үйреніп кеттік. Басымызда баспанамыз, мамандық бойынша жұмысымыз бар. Алдағы уақытта мал асырасақ деп отырмыз», – дейді ол.

 

Талқылау