Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда дәрігерлер тоғызыншы қабаттан секіргендердің қазіргі жағдайы жайлы айтты

Павлодар қаласында Жаяу Мұса көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйден секіріп кеткен қыз бен жігіттің ауыр жарақат алғаны белгілі болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

IMAG0485.e8e29a005ae6f678cf2324ae5600701d17279
Бұл туралы № 1 қалалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Ермек Күшүков мәлім етті.

“Алдын ала болжам бойынша жігіттің жамбасы сынса, бойжеткеннің омыртқасы зақымданған. Сонымен қатар денелерінде көптеген жарақаттар бар. Олар ауруханаға жеткізгенге дейін естерін білген. Жастар алғашқы болып өздері медицина қызметкерлеріне хабарласқан”, – деді Күшүков.

Еске сала кетейік, куәгерлер оқыс оқиға орын алған кезде қыз бен жігіт қол ұстасып секіргені жайлы айтқан еді.

Тоғызыншы қабаттан секіріп, дүкен үстіне құлаған қыз бен жігіттің  аман қалғаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау