Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда дәрігерлер 900 грамм болып туған нәрестені аман алып қалды

Павлодар облыстық кардиологиялық орталықтың дәрігерлері уақытына жетпей, 900 грамм болып туылған үш айлық қыздың өмірін аман алып қалды.

xlarge

Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлайды.

Бұл туралы басылымға Павлодар облыстық кардиологиялық орталықтың жүрек ақауымен туылғандар бөлімінің жетекшісі Тимур Райымханов мәлімдеді.

Нәресте 6-тамызда жүктіліктің 24-аптасында дүниеге келген.

«Негізінде хирургтар мұндай жастағы сәбилерге ота жасауға бара бермейді, оларды тек дәрі-дәрмектің көмегімен емдеуге тырысады, себебі кішкентай сәбидің ағзасының барлығы тым нәзік әрі кіші болғандықтан, қан кетіп қалу қауіпі зор. Алайда, бұл сәби жасанды жолмен желдету палатасында үш ай бойы жатты, ешқандай өзгеріс болмады, салмақ та қоспады. Оған дереу ота жасау керек болды», – деп түсіндіреді Райымханов.

Дәрігердің айтуынша, ота өте сәтті жасалған. Қазіргі кезде кішкентай қызды жасанды дем алу аппаратынан шығарған. Екі апта ішінде оның салмағы 1,200 келіге дейін өскен.

Оқи отырыңыз:

Кей адам туған кезде құлағының үстінде тесік болады – мұның себебі мынада

Австралиялық әйел 10 күн ішінде екі мәрте екіқабат болған

Адам денесін сергітетін 9 құбылыс (фото)

Қазақстанда түйе зәрімен қалай емделеді (видео)

Талқылау