Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда цех жарылысынан бір жұмысшы қаза тапты

Дүйсенбі күні “Компания Нефтехим LTD” ЖШС қарасты цехта жарылысы болып, бір адам қаза тапты, тағы үш адам зардап шекті.

1010

Бұл туралы Павлодар облыстық ТЖД хабарлады.

Мекеме аумағындағы цехта орын алған жарылыстың салдарынан өрт шыққан. Өрт дер кезінде сөндірілді.
«Оқиға орнында өрт сөндірушілер бір компания қызметкерінің мәйітін тапты. Тағы үш адам жарақат алып, аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді», делінген хабарламада.

Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарылыс фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Сот-медициналық  экспертиза тағайындалды.

Талқылау