Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда бұзақылар 5 миллион теңгенің дәретханасын қиратып кетті

Павлодарда бұзақылар әкімдік 5 миллион теңгеге сатып алған қоғамдық дәретхананы қиратып тастады.

Павлодарда бұзақылар 5 миллион теңгенің дәретханасын қиратып кетті

Бұл туралы «Астана» арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Дәретханада бұған дейін жылу жүйесі болған және ыстық, суық сумен қамтамасыз етілген. Ал оны күзететін күзетшілер болмаған бойда бұзақылар құлпын бұзып, ішіндегі заттарды сындырып кетіпті. Бүгінде мұнда құбырлар қатып қалған, сондай-ақ, жарық та жоқ. Дәретхананың ішіндегі жылытқыш құрылғыны да бұзақылар тасып алып кеткен.

Ал қалалық ТҮКШ бөлімінің бас маманы Арман Құсайыновтың сөзінше,  нысанның иесі өзгеруіне байланысты дәретхана уақытша бақылаусыз қалған.

«Қазіргі уақытта дәретханаларды коммуналдық меншікке өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұдан кейін тазалау шаралары қолға алынады. Қазір қалада үш модульдік және бес стационарлық әжетхана бар. Вандализм деректерінің жиілеуіне байланысты модульдік дәретханалар апатты жағдайда», – дейді Құсайынов.

Еске сала кетсек, құны шамамен 5 жарым миллион теңге болатын дәретхана 2016 жылдың қараша айында Павлодардың орталығында пайда болған еді. Көше дәретханасының қымбаттығы желі қолданушылары мен азаматтардың наразылығын тудырған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау